Алматыда АЭС құрылысы бойынша тыңдау басталмай жатып дауға ұласты, деп хабарлайды Qazaq.today.
Залға жиналған адамдардың арасында қолдарына плакат ұстап, елімізде атом электр станциясының құрылысын салуға наразылық танытатын жазуларды көтерді. Жиынға келушілер АЭС-ке қарсы дәлелдерін айғайлап айтып, трибунада сөйлеген спикерлерге кедергі келтірді. Ал сөйлеп жатқан спикерлер АЭС қауіпсіздігіне жиналғандарды сендіретін дәлелдемелер дайындап әкеліпті. Жауапты шенеуніктер қатысушылардың арасында арандатушылар бар деп санайды.
«Жария талқылау барысында азаматтар технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да өздерін қызықтыратын кез келген сұрағын қоя алады, — деп хабарлады әкімдік.
«Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтында көпшілік тыңдаулар өткізіліп жатыр. Ол жиынға атом саласының салалық сарапшылары қатысуда.