«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Ақтаудағыөкілдіктің белсенділері қазақстандықтардың назарынтағдыр тауқыметімен жалғыз қалған зейнеткерлердіңпроблемаларына аударуды жөн көрді. Ол үшін қоғамқайраткерлері арнайы қайырымдылық акциясын өткізді.
Қиын жағдайға тап болған қарт адамдарға көмектесу үшінбелсенділер өз қаражаты есебінен азық-түлік сатып алды. Әр қапта ұн, күріш, қарақұмық, сұлы, түйіршіктелген қант, макарон, өсімдік майы, шай, печенье және қажетті заттарбар.
«Біз бұл акция арқылы бей-жай қарамайтынқазақстандықтарға қоғамда бар мәселелерді ұмытпаукеректігін жеткізгіміз келді. Бізде кедейлік шегінен төментұратын жалғыз басты қарттар өте көп. Аға буын өкілдері — біздің азаматтарымыз, қазір біз тұрып жатқан қаланы да олар салған. Сол себепті біз де қолымыздан келгенінше бұлкісілерге көмек беруіміз керек. Біз барлық азық-түліктімұқтаж жандарға жеткіздік», — деді Ақтау қаласындағы«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының өкілдікбасшысы Нұрбол Конжар.
Қоғам белсенділері барғандар арасында 57 жастағы әйеладам мен 86 жастағы жалғыз тұрып жатқан қарт әже бар. Қор өкілдерінің атаулы көмегін 20 адам алды. Олардыңкөбінде мүгедектігі немесе ауыр созылмалы аурулары бар.
«Бірі жақындарынан айырылса, екіншісі ауру салдарынаүйден шыға алмай отыр. Арасында зейнетақысы тым аз жесір әйелдер де бар. Егде жастағы адамдардың көбі қарым-қатынас пен қолдаусыз қалудың оңай еместігін айтады. Бізқиын жағдайда жалғыз қалған адамдарға қол ұшын созуқажет деп санаймыз. Қор қағидаттарының бірі еліміздіңбарлық азаматына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуболып табылады. Кедейлікпен күрес бірінші кезекте тұруыкерек, онымен бірлесе күресуіміз керек», — деді НұрболКонжар.
Белсенділердің пікірінше, аға буын өкілдері үшінматериалдық және моральдық қолдау маңызды.
«Осы адамдарға қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлгенімізабзал. Барлық бей-жай қарамайтын азаматты аға ұрпаққақолдау білдіруге шақырамыз. Мейірімді болайық», — деп, Ақтау белсенділері қазақстандықтарға үндеу тастады.
Естеріңізге сала кетейік, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының мақсаты әрбір қазақстандықтыңмүддесіне сай келетін әділ қоғам құруға бағытталған. Ел өңірлерінде Қордың қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмысістейді. Сіз Қордың жақтастарының қатарынақосылып, Манифест-үндеуге онлайн қол қоя аласыз.