Қорғаушы тарап оқиғалардың хронологиясын тергеу бұзды деп санайды. Ал Құсайыновтың адвокаты тергеу барысында жүйелі түрде ұрып-соғу фактілері дәлелденбегенін айтады. Қорғаушы Нүкенованың достарын Бишімбаевтың Салтанат жасаған ұрыстары туралы хабарламағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деп есептейді.
Қорғаушы тарап сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастауды және «қатігездікпен өлтіру» бабын «абайсызда өлтіру» бабына қайта саралауды сұрайды. Ол бап бойынша айыпталушы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.
Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрады.