Қадір түніне арналған дұға 2025

Қадір түніне арналған дұға

Бисмилләһир-рахманир-рахим.

Я, Раббым, бүкіл әлемнің Жаратушысы, барлық кемшіліктен пәк, ұлысың!
Бүгін – Сен ерекше қасиетті еткен Қадір түні. Осы түнде дұғамды қабыл ет, тілектерімді жерде қалдырма!

Я, Алла, жүрегіме иман нұрын бер, көкірек көзімді аш. Білімімді арттыр, жүрегімді көркем мінезбен безендір.
Жасаған күнәларым үшін кешірім сұраймын, Сенің кешірімің шексіз, Рахметің менің үмітім.

Уа, Жаратқан, ата-анама, туған-туыстарыма, ұстаздарыма, жақсы жандарға амандық, ұзақ ғұмыр, берекелі өмір нәсіп ет.
Елімізге тыныштық, жерімізге береке, халқымызға бірлік бере гөр!

Жүрегімде жасырын тілектер бар – тек Саған аян. Сол арман-тілектерім егер мен үшін қайырлы болса, жүзеге асыруыңды сұраймын.

Я, Алла, маған дұрыс жолды нәсіп ет. Ақ пен қараны айыра алатын жүрек бер. Көңілімді сабырмен, жанымды сеніммен толтыр.

Сен – бәрін естуші, білуші, кешірушісің. Осы қасиетті түнде мені де кешіріп, рақым етуіңді сұраймын.

Раббәнә атина фиддунья хасана, уа фил-ахирати хасана, уа қина азәбәннар. Амин.