Абай облысының тұрғыны танысының интим фотолары үшін 1 млн теңге бопсалаған

Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады, деп хабарлады Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Ол шілде айының ортасынан бастап танысының интимдік фотоларын таратамын деп, 1 млн теңге бопсалап келген.

«Тергеу әрекеттері барысында 150 000 теңге тәркіленді. Күдіктінің әрекеттері 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР ҚК 1-бөлігінің 194-бабы «Бопсалау» бойынша сараланады», — деп хабарлады Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарма бастығының орынбасары Әсет Шахантаев.

 

Qazaq.today