Абай облысында жер сілкінді

Абай облысында 4 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы.

«Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, 23 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 01:23-те Үржар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды.

«Эпицентрдің координаттары: 47.19 градус солтүстік ендік, 81.22 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4,0. Энергетикалық класс К=9.70», – делінген хабарламада.