Фото: ТЖМ
Абай облысында өрт болып, үй иесі өлі табылды.
Оқиға бүгін Бородулиха ауылында таңғы бес шамасында болған. Шаруашылық құрылыс нысанынан басталған өрт жеңіл көлікке өтіп, жеке тұрғын үй өртеніп кеткен.
ТЖМ тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өрт орын алған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз.
Таңғы жеті шамасында өрт 250 шаршы метр алаңда сөндірілді. Себебі анықталып жатыр.