Абай облысында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі.
Айта кетейік, 7 қыркүйекте Жарма ауданында дала өртін сөндіру кезінде Айдос Тоғызбаевтың денесін қатты күйік шалды.
Жергілікті Abai Aqparat сайтының хабарлауынша, «Фирма Азия» ЖШС марқұмның отбасына Қарағайлы ықшам ауданынан үш бөлмелі пәтер береді.
Айдос Тоғызбаев 36 жаста еді. Марқұмның артында бес баласы қалды. Төтенше жағдайлар министрлігі Айдос Тоғызбаевты үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттауға ұсынды. «Фирма Азия» ЖШС ұжымы марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтады.
3