Абай облысында қос азаматтығы бар адам елден қуылды

Абай ауданының тұрғыны Ресей Федерациясының азаматтығын алып, бұл туралы хабарламағаны үшін Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Құқық бұзушылық дерегі:
2024 жылдың қараша айында Бесқарағай ауданының 23 жастағы тұрғыны Ресей азаматтығын алғанымен, бұл шешімді тиісті органдарға хабарламай, Қазақстан азаматтығынан бас тарту рәсімін орындамаған.

Абай аудандық полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бұл жағдайды анықтап, құқық бұзушыға қатысты тиісті шаралар қабылдады.

Сот шешімі:
«Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасынан шығарылды. Одан Қазақстан азаматының төлқұжаты тәркіленіп, азаматтығынан ресми түрде айырылды,» – деп мәлімдеді полиция майоры Бауыржан Иманғажанов.