Абай облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағында полиция қызметкерін қағып кетті. 35 жастағы анықтаушы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq.today ktk.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты Аягөз ауданында болды. Ішімдікке тойып алған жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолдан өтіп бара жатқан полицейді қағып кетеді. Осыдан кейін ол көзілдірік сататын дүкеннің ішіне кіріп кеткен.
Марқұм Аягөз ауданы полиция бөлімінде 2009 жылдан бері анықтаушы болып жұмыс істеген. Қазір жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.