Абай облысының Аягөз ауданына қарасты екі ауыл таратылуы мүмкін,деп хабарлайды Qazaq.today Halyq-uni-не сілтеме жасап.
Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
— Қоңыртау ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;
— Қопа ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Тарлаулы ауылдық округінің Тарлаулы ауылының құрамына енгізілсін», — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Абай облысы әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде.
Qazaq.today