Абай облысында белгісіз індеттен ірі қара жаппай қырылып жатыр

Абай облысында белгісіз індеттен ірі қара жаппай қырылып жатыр. Індет бір айдан бері, әсіресе тана-торпаққа қырғидай тиген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абыралы өңірінде бір ғана қожалықтың 25 бас сиыры арам қатқан. Тана-торпағынан айырылған тұрғындар қазір шарасыз күйде. Өйткені дертке шалдыққан малдың саны күн өткен сайын көбейіп барады. Тұрғындар мал дәрігерлерінің сынама алу нәтижесінде қойған диагнозымен келіспей отыр. Олардың айтуынша, қызуы көтеріліп, аузы-мұрнынан су аққан сиырлар өздеріне шабуыл жасап жатыр.

«Пастереллез болуы мүмкін емес. Ауырған малдың кейбірі өзімізге шауып жатыр. Міне, айдап келе жатқан сиыр өзімді сүзді. Қолымды сындырды. Басыма да зақым келді. Сегіз күн ауруханада жатып, алдың күні шықтым», – дейді Абыралы ауылының тұрғыны Рымбек Ағыбаев.

Жұрт аталмыш дертке қарсы қымбат екпені де өз күштерімен жасаған. Дегенмен індет тоқтайтын емес. Ал әкімдіктегілер ірі қараның нақты неден арам қатып жатқанын анықтау үшін тиісті орындарға хат жолдадық деп отыр.

«Малдарды тексеріп, диагнозын анықтап беруге қатысты хат жаздық. Мал шығыны бар. Енді алдағы күндері жұмыс жасалады. «Санжар» қожалығындағы ірі қараның неден өлгенін тез арада анықтауымыз керек»,- деді Абыралы ауылдық округінің әкімі Ұлан Мұқажанов.

Жұрт тана-торпақтарының пастереллез дертінен қырылмағанына сенімді. Сондықтан Нұр-Сұлтаннан арнайы комиссияның келіп, осындағы су мен жайылымнан және малдан сынама алып, кешенді тексерістің жүргізілуін талап етіп отыр.

 

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here