Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан «Семей орманы» МОТР қызметкерлерін анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын әшкереледі.
«Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес, аталған қызметкерлерге диплом берілмеген», — деп жазды бақылаушы органнан.
Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттар жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.