Ақтауда Шығыс-2 мен Шығыс-3 шағынаудандары арасындағы жолда жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Оқиғаның мән-жайы
Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап, қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Кадрлардан жолды «зебра» арқылы кесіп өтпек болған екі оқушыны жүргізушінің қатты жылдамдықпен келіп қағып кеткені көрінеді.
Дәрігерлер не деді?
2013 және 2014 жылы туған балалардың екеуі де ауыр бас-ми жарақатын алған. Жағдайлары өте ауыр. Зардап шеккендердің бірі комаға түскен.
Полиция не деді?
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қылмыстық іс қозғалды. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп хабарлады ведомство.