Фото: canva.com
Ақтауда ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшысы ұсталды. Тиісті ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Комитет әскери-тергеу басқармасының басшысы пара алды деген күдігіне ілінгенін мәлімдеді.
Ақпаратқа сәйкес, Қылмыстық кодекстің 366-бабына сәйкес (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.