Ақтөбедегі айқас: күш құрылымдары шабулыға шығып күдіктіні ұстады, кепілдегілер өлді (видео)

Фото: скриншот

Ақтөбеде күдікті екі қарт кісіні алдымен пышақтап, содан үйдің жер төлесіне қамап тастаған. Зейнеткерлер алған жарақаттан көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Ақтөбе қаласының полициясы кепілдешілерді босату туралы үш сағаттық келіссқз жүргізілген. Ақыры қылмыскер көнбеген соң күштік құрылымдары шабулыға шыққан.

«2024 жылдың 13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жер үйде бір адамның кепілге түскені туралы хабар келді. Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда, күдіктімен бұрын таныс болған, бір әйелдің кепілге алынғаны белгілі болды. Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алған  адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды», — деп хабарлады Ақтөбе қалалық полициясы.

​Арнайы операция кезінде күдікті ұсталып, кепілдегі әйел босаған. Алайда қыздың ата-анасы жан тәсілім етті. Полицияның мәліметінше, қаскөй жәбірленуші қызбен бұрынан таныс.

«Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақатын алған егде жастағы екі адам табылды, олар қыздың ата-анасы. Өкінішке қарай, екеуі де қаза тапты», — деп мәлімдеді полиция.

Қылмыскер тергеу изоляторына қамалды. Оны ауыр жаза күтіп тұр.