Ақтөбеде үшем өмірге келді

Ақтөбе қаласында үшем өмірге келді. Оларға ата-анасы Ахмад, Ибрахим және Әбдікәрім есімдерін берді,  — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеп.

Ақтөбе қаласындағы перинаталдық орталықта бүгін үшемдер үйіне шығарылды. Ахметовтер отбасындағы қуанышты бөлісуге туған-туыстары мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері барды. Перинаталдық орталықтың ақпаратына сүйенсек, үшемдердің анасы 32 жаста. Бұған дейін 4 құрсақ көтерген. Үш қыз, бір ұлды тәрбиелеп отырған отбасы Ақтөбе қаласының Есет батыр тұрғын алабында тұрады.

— Босану бөлімінің меңгерушісі Абат Кубиев, акушер-гинеколог Нұрлыбек Карманов, медбикелер Бақыт Баймағанбетова, Зарина Биждаева, неонатолог Айдана Нұрмұханова, Альбина Шегенбаева отаға қатысты. Ахмадтың салмағы 2655, Ибрахим 2255, ал Әбдікәрім 2355 гр болды. Бала мен ананың денсаулығы жақсы,- деп хабарлады облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі.

Қазір үшемнің анасы өзін жақсы сезінеді. Ол дәрігерлерге алғысын білдірді.

— Кесір тілігі отасы жасалды. Дәрігерлерге алғысымды білдіргім келеді. Әрқайсысы көмектесті. Бәрі де өз ісінің мамандары, зор қолдау көрсетті. Өзім табиғи жолмен жүкті болып, естігінде қобалжыдым. Үшем болады деп ойламадық. Бұл ұлы сый. Шексіз алғыс айтамын. Үш ұлымды қолыма алып, қуандым,- деді жас ана Айсана Ахметова. Қазіргі кезде отбасының үлкен баласы 10 жаста, кішісі 3-те.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхат Балықовтың айтуынша, 9 айда өңірде 16 800 бала өмірге келді. Оның 120-ы егіз, үшеуі үшем.

Фото: Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы

30