Оқыс оқиға 27 мамыр күні Ақтөбе облысындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды
Фото: freepik.com
Ақтөбеде бір күнде екі бүлдіршін терезеден құлап кетті.
Оқыс оқиға 27 мамыр күні Ақтөбе облысындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Алға қаласында 5 жасар бала екінші қабаттан құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.
Екінші жағдайда, облыс орталығында 3 жасар бала да екінші қабаттан құлап жарақат алып, ауруханада жатыр.
«Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналар мен қамқоршыларға осындай оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді», — делінген облыстық ПД хабарламасында.