Фото: Stan.kz
Ақтөбеде “Қазхром ТҰК” АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты “Болашақ” шахтасында сутегі газы шығып, салдарынан үш адам күйік алып ауруханаға түсті. Екі кенші жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Түрлі жарақат алған 31, 34 және 42 жастағы кеншілер аудандық ауруханаға түсті. Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.
“Үш адам түрлі дәрежедегі күйік алып, жедел жәрдем бригадасымен Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. “Болашақ” шахтасында сутегі газы шыққан.
Екі науқас ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Үшінші науқас травматология бөліміне жатқызылып, оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда”,- деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау департаменті.
“Қазхром ТҰК” АҚ-ы Дөң тау-кен байыту комбинаты «Болашақ» шахтасының кен өндіру блогында қысқа мерзімді тұтану болғанын растады.