АҚШ Таяу Шығыстағы әскерін күшейтіп жатыр

Фото: ukdefencejournal.org

Құрама штаттары аймаққа жойғыш ұшақтардың бірнеше тобын аттандырған. Радарда көрінбейтін F-35 жойғыш ұшақтары Еуропада аздап аялдағаннан кейін Таяу Шығысқа бет алды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы Military Watch Magazine басылымына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Еуропа жеріне әскери техника тасымалдауға арналған Globemaster III әскери-көлік ұшақтары табан тіреді.

Бұдан бөлек, Құрама штаттары Таяу Шығысқа әскери ұшақтарды ұшыруға арналған «Нимиц» кемесін орналастырған.

Сарапшылар: «АҚШ-тың бұл әрекеті осы аймақтағы қарулы қақтығыстың ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін», – деп алаңдаушылық тудырып отыр.