АҚШ-тағы Президент сайлауы: Камала Харрис өз таңдауын жасады

Фото: BBC
АҚШ-тың қазіргі вице-президенті Камала Харрис президенттік сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Мен жаңа ғана бюллетеньімді толтырдым», — деді Демократиялық партияның атынан жоғарғы лауазымға үміткер Харрис жексенбіде Детройттағы шіркеу қызметіне қатысқаннан кейін журналистерге.

Оның айтуынша, бюллетень Мичиганнан Харристің туған штаты Калифорнияға келе жатыр.

Бірнеше күн бұрын Харристің әріптесі, қазіргі президент Джозеф Байден де дауыс берді. Ақ үйдің басшысы Делавэр штатында – жеке резиденциясы орналасқан Уилмингтон маңындағы Нью-Кастлдағы учаскеде мерзімінен бұрын дауыс берді. Байден демократтардың жеңісіне үміт білдірді.

АҚШ президентін сайлаудың негізгі күні 5 қарашаға белгіленді. Дегенмен, 25 миллионнан астам адам пошта арқылы немесе мерзімінен бұрын дауыс беріп үлгерген.

57