Фото: Qazaqstan.tv
Висконсин штатының әкімшілік орталығы Мадисон қаласындағы христиан мектебінде атыс болып, алты адам жарақат алды, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Оның бірі мұғалім, енді біреуі оқушы екені белгілі болды. Жарақат алған алты адам ауруханаға жатқызылды, оның екеуінің жағдайы ауыр. Жергілікті полицияның хабарлауынша, күдікті осы мектептің оқушысы болған.
Полиция оқиға орнына келгенде күдіктіні өлі күйінде тапты, алайда тәртіп сақшылары қару қолданбағанын мәлімдеп отыр.
105