19 қаңтарда тыйым салуға байланысты TikTok қосымшасы App Store, Google Play алаңдарында өшіріліп, ел аумағында жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Алайда 20 қаңтарда қызметіне кіріскен Дональд Трамп TikTok-қа салынған шектеуді кейінгі қалдыру жөнінде жарлық шығарды. Соған қарамастан қосымшаны Apple мен Google дүкендерінде жүктеп алу мүмкін емес еді.