Ақмола облысында қатты желден бір жүк көлігі аударылып қалды

Бүгін, 29 сәуір күні Ақмола облысында қатты жел жүк таситын ГАЗель көлігін ұшырып жіберген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Оқиғаның суретін редакциямызға оқырмандар жолдады. Суреттен байқап отырғанымыздай, жүк көлігінің тіркемесі аударылып кеткен.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» компаниясы бізге берген комментарийінде жүргізушілерге ескерту жасады.

«Қатты жел кезінде жоғары жылдамдықпен жүрмеу керек. Егер көлік жеңіл болса, ауа райының жақсарғанын күткен дұрыс. Көмек қажет болса, «ҚазАвтоЖолдың» 1403 байланыс орталығына хабарласып, жәрдем сұрай алады. Жол қызметінің мамандары республикалық жолдардың бойында түрлі жағдайларға тап болған жүргізушілерге көмектеседі», — дейді компанияның баспасөз қызметі.