Ақбота Керімбекова екінші ұлын үйлендіріп, келін түсірді (ВИДЕО)

Танымал  әнші Ақбота Керімбекова екінші ұлы Аханды үйлендіріп, келін алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жариялады.

Үйлену тойда Мейрамбек Беспаев, Гүлзира Адайбекова, Айгүл Иманбаева, Анна Данченко, Заттыбек Көпбосынұлы, Дана Кентай сынды бір қатар шоубизнес өкілдерінің қарасы көрінді.

Неке қию рәсімін салтанатты түрде Айгүл Иманбаева жүргізген.

Желі қолданушылары әншіні қуанышымен құттықтап жазуда.