Әнші Ақбота Керімбекова шетелде білім алып жүрген ұлына барды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ақбота Керімбекованың кенже ұлы Димаш Қытайда білім алып жүр.
“Баласы жақсы ана ешқашан қартаймайды” деген жақсы сөз екен. Әр ата-анаға тілек болсыншы. Кенжетайым Димашым да ер жетіп, Қытай елінде білім алып жатыр. 7 айдан кейінгі сағыныштан туған кездесу ғой. Ұрпағымыздың бақытын көруді баршамызға нәсіп етсін, Алла!”, – деп жазды әнші.
Одан кейін эстрада жұлдызы жаңа түскен келінін туған күнімен құттықтады.
“Менің алтын қызым, келінімнің туған күні. Ол біздің шаңырақтың шырайын келтіріп отыр. Сен біздің әулетімізге береке әкелген, ақыл мен көрікті тең ұстаған асыл жансың. Әр күнің шаттық пен қуанышқа толы болсын. Жанұяң аман, ұрпағың өссін, арманың орындалсын, жолың әрдайым ашық болсын! Жүзінен әрдайым күлкі кетпесін, жан-дүниең гүлдей құлпыра берсін! Сенің бойыңдағы мейірім мен тәрбиең, инабат пен ілтипат – біздің мақтанышымыз”, – деп жазды өнер иесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram