А.Байтұрсынұлының 150 жылдығын Түркияда  өткіземіз – Бас консул

Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының 150 жылдығы Түркияда кең көлемде өткізілмек. Мәдени шара ресми Анкарада ғана емес, Түркияның бірінеше ірі қалаларында да ұйымдастырылады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Түркияның Алматыдағы Бас консулы Әли Рыза Акынжының сөзінше, алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының игі істерін, еңбегін наисхаттау екі елдің арасындағы мәдени рухани байланыстың дамуына да мол септігін тигізбек.

«Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Түркияның 17 қаласындағы саябақтар мен көшелерге Абайдың есімі берілген. Биылда Ахмет Байтұрсынұлының  150 жылдығы кең ауқымда Түркияда өтеді. Іс-шараның бағдарламалары дайындалып жатыр. Ахмет Байтұрсынұлының кім екенін, қандай тұлға болғанын түріктерге де кеңінен насихаттап түсіндіруіміз керек. Мақсатымыз түркі елдері арасындағы өзара  ынтымақтастықты дамыту. Әлемде түркі елдеріне жататын алты тәуелсіз мемлекет бар. Осы мемлекеттердің әрқайсысы экономикадан, әл-ауқат жағынан мықты болғанын қалаймыз. Бір-бірімізбен ынтымақтастығымыз мықты болғанын қалаймыз», – деді Түркияның Алматыдағы Бас консулы Әли Акынжы.

Сондай-ақ, Бас консул бауырлас қос мемлекет арасындағы экономикалық сауда байланысы туралы да ойын айтты. Қазақстан-Түркия арасындағы тауар айналымының жылдық көлемі 4 миллиард доллардан асқан. Түркиядан өндірістік құрылғылар, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп саласына қатысты заттар көп келеді. Ал Түркия көбінесе Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері мен мұнай сатып алады. Әли Акынжы мемлекетіне жаны ашыған адамның қазіргі жағдайда не істеу керектігіне де тоқталды.

«Бір бірімізбен серіктестік орнатайық. Өзара тауар айналымын 10 миллиард долларға жеткізу деген жоспарды кейін 50 миллиардқа жеткізейік. Жақсы істерімізді бір-бірімізге үйретейік. Түркі халықтарына жатпайтын елдермен де байланысымыз жақсы болсын. Қызметпен барған жерімізге жақсылықты, байлықты  апарайық. Әлемде соғыстар, адамзатқа ауыр тиетін ауыртпалықтар, қиындықтар  көп. Бірақ біз түркілердің ұрпағы қай жаққа барсақта тек жақсы іске себепкер болайық. Алыста, көз ұшында тұрған жақсы нәрсені отырып алып армандау, қиялдау жақсы. Бірақ дәл қазір қолымыздан қандай іс келетінін анықтап,  соны аз-аздан іске асыру бір басқа. Жапонияда әрбір адам жұмысының бір сағатын тегін, жапония үшін деп елін дамытуға арнайды. Қазақстанның әрбір адамы күніне үш сағатын еліннің дамуына тегін арнасын. Елінің дамуын қалаған адам артығымен жұмыс істеуі керек. Үлкен мақсаттарды армандау жақсы, алайда алдымен шағын істерді, қолымыздан келетін дүниелерді жүзеге асыру бір басқа», – деді Бас консул.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here