АҚШ президенті Джо Байден Колорадо әскери-әуе академиясының бітіруші курсанттарын құттықтағаннан кейін, сахнада шалынып құлады, деп хабарлайды Qazaq.today New York Post басылымына сілтеме жасап.
Полицейлер дер кезінде жетіп келіп, президентті аяғынан тұрғызуға көмектесті. Орнынан тұрған соң, ол жерде жатқан құм салынған дорбаларды нұсқап, соған сүрінгенін айтты.
Кейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер Президенттің жағдайы жақсы екенін хабарлаған. Бұған дейін Байден Air Force One бортының баспалдағынан кем дегенде төрт рет сүрініп, көпшіліктің назарын аудартқан.
80 жастағы Байден екінші рет президенттікке үміткер болып отырған Американың ең кәрі басшысы.
Qazaq.today