Фото: Pixabay
Ақтөбе қаласында зейнеткерлердің атына заңсыз несие рәсімдеген банк қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Құқық қорғау органдарына бірнеше егде жастағы тұрғын арыз түсіріп, өздерінің келісімінсіз және хабарынсыз несие алынғанын мәлімдеген.
Тергеу барысында банктердің бірінде қызмет атқаратын менеджер клиенттердің шоттары бойынша төлем жасау сылтауымен олардың білместен атына қарыз рәсімдеп, қаражатты жеке мақсатта шешіп алғаны белгілі болды. Бұл жөнінде полиция департаменті мәлімдеді.
Аталған факті бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
