Желтоқсандағы жауын: Астана — Қарағанды тасжолы жабылы

Фото: видеодан скрин

Ауа райының күрт бұзылып, жауын-шашынның түсуіне байланысты Қарағанды – Астана бағытындағы тасжол көктайғаққа айналды. Соның салдарынан жолаушылар автобусы көпірге көтеріле алмай қалған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Осы жағдайға байланысты Қарағанды облысы полиция департаменті республикалық маңызы бар Қарағанды – Астана автожолының уақытша жабылғанын мәлімдеді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция жасақтары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Құқық қорғау органдары қауіпті жол бөліктерінде тәулік бойы кезекшілік атқарып, жүргізушілерге қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Полиция өкілдері жол қозғалысына қатысушыларды ауа райының қолайсыздығын ескеруге, алыс жолға шығудан уақытша бас тартуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Яндекс.Метрика