«Мияулап не айтып тұр?»: Баян Алагөзова ән шырқаймын деп қатаң сынға ұшырады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр 

Белгілі продюсер Баян Алагөзова «Қазақстан дауысы» жобасында дуэт болып ән айтуымен жұрттың сынына ұшырады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ол жоба қатысушысы Диас Жорабекпен бірге Kalifarniya тобының «Puerto Rico» әнін орындаған. Алайда көрермендер продюсердің вокалын сынға алып, әлеуметтік желіде түрлі пікір қалдырды.

Пікір жазушылардың басым бөлігі ән айту Баян Алагөзоваға лайық емес екенін айтып, орындайтын бағытты қайта қарауға кеңес берген. Желі қолданушыларының реакциясы да қатқыл болды:

«Не айтып тұр өзі?», «Дауыс мүлде жоқ», «Ән айту сізге арналмаған», «Өзіңіз көріктісіз, бірақ әніңіз көңілден шықпады», «Енді ән айтпаңызшы», – деген сынды пікірлер көптеп жазылды.

Яндекс.Метрика