Фото: Видеодан алынған кадр
Семей қаласында жол қозғалысын реттейтін светофорлардың жиі істен шығуы жүргізушілердің наразылығын тудырып отыр. Қала көшелерінде бағдаршам сигналдарының тұрақсыз жұмыс істеуі жол қозғалысының тәртібін бұзып, апат қаупін күшейткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Көлік жүргізушілерінің айтуынша, ақау әсіресе кешкі қарбалас уақытта жиі қайталанады. Соның салдарынан кептеліс көбейіп, тұрғындардың уақытын да, жүйкесін де сарқып отыр. Сарапшылар мұндай жағдай тек техникалық мәселе емес, жалпы қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін фактор екенін айтады.
Ал жергілікті әкімдік нақты жүйелі шаралар қабылдаудың орнына уақытша шешімдермен шектеліп отырғаны сынға алынды. Жүргізушілер ақауы бар нысандарды толық тексеріп, мәселені қысқа мерзімде түбегейлі шешуді талап етуде.
