Никол Пашинянның барабан соғып, бидің түбін түсірді (ВИДЕО)

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян өз парақшасына бірнеше көңілді бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Үкімет басшысы жазбасында өзінің жазған өлеңі әнге айналғанын атап өтіп, оны «Шынайы Армения» тұжырымдамасымен байланыстырды. Оның сөзінше, бұл туындыда Отан мен мемлекетке деген сүйіспеншілік, еңбек пен жауапкершілік, адам мен Арменияның ажырамас бірлігі, сондай-ақ үміт, махаббат және елдің болашағы туралы ой қозғалған.

Сонымен қатар Пашинян қонақтармен бірге билеп жүрген сәтінен де видео жариялаған. Премьер-министрдің бұл әрекеті шетелдік желі қолданушыларының да назарын аударып, түрлі пікір тудырды.

 

Яндекс.Метрика