Қараңғылықтағы Қызылорда: екі жыл бойы жанбаған шамдар — қауіпсіздікке төнген ашық қатер

Фото: Pixabay

Қызылорда қаласындағы Чайковский мен Бектұрғанова көшелерінде түнгі жарықтың жоқтығы тұрғындарды әбден титықтатты. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы хабарлады.

Айтуларынша, бұл аумақтағы көше шамдары кемінде екі жыл қатарынан іске қосылмаған. Қараңғылық салдарынан кешкі уақытта жүріп-тұру қиындап, қауіпсіздік мәселесі ушығып отыр. Жуырда тұрғындар көпқабатты үйлердің жертөлелеріне мас күйдегі белгісіз адамның кіріп жүргенін байқап, құқық қорғау органдарына шағымдануға мәжбүр болған. Куәгерлердің сөзінше, әлгі адам кейде үйлердің шатырына да көтерілген. Арыздың прокуратураға жолданғаны хабарланғанымен, нақты нәтиже көрінбейді.

Бұл жайт қала әкімдігі мен жауапты мекемелердің тұрғындардың күнделікті қауіпсіздігіне немқұрайды қарап отырғанын көрсетеді.

Яндекс.Метрика