29 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Фото: freepik.com

Мамандар 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық порталы.

Астана — жауын-шашынсыз, кейде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні — 5-10 м/с. Түнде -12…-14°C, күндіз -2…-4°C.

Алматы-жауын-шашынсыз, түнде тұман болуы мүмкін. Жел шығыстан соғады, екпіні — 2-7 м/с. Түнде 0…2°C, күндіз +5…+7°C.

Шымкент-кейде жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 8-13 метрге жетеді. Түнде +4…+6°C, күндіз +15…+17°C.

Алматы облысының батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с болады. Қонаев қ.аласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақтау қаласында көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстанда (Петропавл) күндіз қар аралас боран соғып, жел күшейеді.

Қостанай облысында қар жауып, боран болады.

Қостанай қаласында қар жауады.

Ұлытау мен Қарағандыда күн соңында қар жауып, тұман түседі деп болжанып отыр.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Оралда бұлтты, қар жауып, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз -4-6°С болады.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -18-ден -20°С-қа дейін, күндіз -8-ден -10°C-қа дейін аяз болады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда 29 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -18-ден -20°С-қа дейін, күндіз -12-ден -14°С-қа дейін болады.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3 градустан -5 градусқа дейін, күндіз +2 градустан +4 градусқа дейін болады.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -23 градустан -25 градусқа дейін, күндіз -16 градустан -18 градусқа дейін болады.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -23-25°С, күндіз -10-12°С болады.

Яндекс.Метрика