Фото: Pixabay
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесіне сәйкес, АҚШ валютасының бағамы төмендеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Күндізгі сессия қорытындысында доллардың орташа құны 7,44 теңгеге арзандап, 504,60 теңгені құрады. Ал Ұлттық банктің ресми бағамы 512,81 теңге деңгейінде белгіленген.
Kurs.kz дерегінше, Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 502,31 теңгеден қабылданып, 506,65 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 591,53–598,81 теңге аралығында саудаланса, рубль бағамы 6,40–6,54 теңгені құрайды. Қытай юані 72,16 теңгеден сатып алынып, 75,01 теңгеден сатылуда.
Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында:
– доллар 499,78 теңгеден қабылданып, 506,78 теңгеден сатылуда;
– еуроның сатып алу бағамы 585,43 теңге, сату бағамы 595,43 теңге;
– рубль 6,37–6,52 теңге аралығында;
– юань 72,60 теңгеден сатып алынып, 77,13 теңгеден сатылып жатыр.
Айта кетейік, 25 желтоқсандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,34 теңгеге өсіп, 512,81 теңге болған еді.
