«Үшінші әйел аламын» — Жалғас Жұмағұлов

Фото: zhumagulov_zhalgas инстаграм парақшасы
Танымал қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов жуырда үшінші рет үйленуді ойлап жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы хабарлады. 

Қазіргі таңда спортшының екі әйелінен алты баласы бар. Дегенмен ол отбасын одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырғанын жасырмады.

«Мен енді ғана бастап келемін. Жақын арада үшінші әйел аламын», – деп әзіл-қалжың аралас жауап берді ол Home of Fight YouTube арнасына берген сұхбатында.

Журналист бұл сөзінің қалжың не шын екенін нақтылағанда, Жұмағұлов үшінші әйел алуға шынымен ниетті екенін растады. Айта кетсек, бұған дейінгі сұхбаттарында ол екі жары мен алты перзенті барын айтқан еді.

«Отбасынан алшақ жүру, әрине, оңай емес. Әйелдерімнен бөлек болу да қиын. Иә, екі әйелім, алты балам бар. Басында біраз қиындық болды, қазір бәрі орнына келді», – деді спортшы.

Сондай-ақ ол бұл шешіміне қазіргі екі әйелі де қарсы емес екенін атап өтті.

Айта кетейік, 37 жастағы Жалғас Жұмағұлов — Oktagon MMA ұйымында аса жеңіл салмақ дәрежесінің чемпионы.
Яндекс.Метрика