«Қуанышымыз шексіз»: Қыдырәлі Болманов орденмен марапатталды

Фото: instagram.com/kydyrali_bolman

Танымал қоғам қайраткері, продюсер және әнші Қыдырәлі Болманов мемлекеттік марапатқа ие болды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы хабарлады.

Қуанышты жаңалықты өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.

«Бүгін Бауыржан Момышұлы атындағы “Намыс” ордені табысталды. Бұл – ең алдымен Алланың қалауымен, одан кейін сіздердің ақ тілектеріңіз бен дұғаларыңыздың нәтижесі. Қазақ еліне Алла разы болсын», – деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Сондай-ақ «Ұлытау» музыкалық ұжымының мүшелері де арнайы төсбелгілермен марапатталғаны белгілі болды. Осы орайда әншінің өмірлік әрі шығармашылық серігі Қарақат Әбілдина жүрекжарды құттықтауын арнады.

«Ар мен намысты бәрінен биік қоятын азаматқа дәл “Намыс” орденінің бұйырғаны өте орынды. Қуанышымыз шексіз. Жылы лебіз білдірген баршаңызға алғысымыз мол. “Ұлытау” тобы – біз үшін тек өнерімен емес, адамгершілігімен де биік. Сахнада 27 жыл еңбек етіп, алғаш рет алған төсбелгілерің құтты болсын», – деп жазды Қарақат Әбілдина.

Яндекс.Метрика