Танымал әнші жұрт назарын аударған қымбат сақинасын көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Өнер иесі бұл сыйлықты жарының туған күнге тарту еткенін айтып, қуанышын әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Ойланып қараңыздаршы, Ерке Есмахансыз. Күйеуіңіз – RaiM! Үш ұлыңыз бар. Үлде мен бүлдеге оранып, 8 миллион оқырманы бар парақшаңызға осындай сурет жүктеп отырсыз. Найзағай ма? Шүкір! RaiM, туған күніме арманымдағы сақинаны сыйлағаныңа рахмет. Сүйемін!» – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Еркені құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. «Өскенде Ерке Есмахан боламын», «Бізге де осындай бақ бұйырсын», «Ерке болмасақ та, дәл осындай бақыт жазылсын», – деп пікір қалдырды қыз-келіншектер.
«Үлде мен бүлдеге оранып»: Ерке Есмахан туған күніне алған қымбат сыйлықты көрсетті (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/erkeesmaxan
