Фото: Видеодан алынған кадр
Орталық Азия Инновациялық университетінде қазақ боксының мақтанышы, оқу орнының түлегі Сәкен Исмадиярұлы Бибосыновпен мәнді кездесу өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жиынға екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиаданың қола жүлдегері әрі Азия ойындарының жүлдегері атанған танымал спортшы арнайы шақырылып, студенттермен ашық сұхбат құрды. Сәкен Бибосынов жастарға өзінің спорттағы жолы, табандылық пен тәртіптің маңызы, жеңіске бастайтын еңбек пен жігер жайлы әсерлі ойларын айтты.
Шара барысында университет басшылығы чемпионға зор құрмет көрсетіп, 2 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табыстады. Сондай-ақ Сәкенге сәйгүлік мінгізіліп, иығына дәстүрлі шапан жабылды.
Кездесуге Орталық Азия Инновациялық университетінің құрылтайшысы Жұрынов Ғалымжан Мұратұлы және университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Ажидинов Акмалдин Сапардинұлы қатысты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
