Абай облысында екі адам жоғалып кетті (ФОТО)

Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысында боранды түнде мал іздеуге шыққан екі азамат хабарсыз жоғалып, кейін құтқарушылардың көмегімен табылды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Аягөз ауданында болған. 1985 және 1964 жылы туған ер адамдар автокөлікпен мал іздеуге шығып, жолдан адасып кеткен. Түнгі уақытта оларды іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылды.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалған азаматтар Аягөз қаласынан шамамен 70 шақырым қашықтықта табылды. Абырой болғанда, олардың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, дала жолымен келе жатқан кезде ер адамдардың көлігі қарға батып қалған. Осыдан кейін олар көлікті тастап, жаяу жүріп, ең жақын қараусыз қалған шаруа қожалығының үйіне жеткен. Ұялы байланыс болмағандықтан, олармен байланыс орнату мүмкін болмаған.

Яндекс.Метрика