23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

Әлі күнге дейін циклон шұңқырының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен елдің көп бөлігінде боран соғып, қар жауады, елдің батысында жаңбыр мен қар жауады. Еліміз бойынша жел күшейіп, тұман түседі, батыста көктайғақ болады.

Астанада күн ала бұлтты, кейде қар, төменгі боран, жел 7-12 м/с. ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -5…-7°C.

Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 4-9 м/с., ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз + 3…+5°C. 

Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы 0…+ 2°C, күндіз + 3…+5°C. 

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі.

Маңғыстау облысының орталығында түнде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылорданы кей уақытта тұман басады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы -10…-12°C, күндіз -2…-4°C. 

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, кейде тұман, жел 2-7 м/с. түнде Температура -10…-12°C, күндіз -2…-4°C.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар ұшқындап, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жезқазғанда кей уақытта тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оралда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын болады, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігін, шығысын, оңтүстігін тұман басады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Яндекс.Метрика