Қарағандыда такси монополияға айналды ма? Яндекс қызметі жұрттың жүйкесін жұқартты

Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағандыда такси қызметіне қатысты наразылық күшейіп барады. Қала тұрғындары Яндекс таксидің жұмысына көңілі толмайтынын, көлікті ұзақ күту мен бағаның шарықтауы қалыпты жағдайға айналғанын айтуда. Қызмет сапасы төмендеп, жолаушыға деген жауапкершілік әлсіреген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған жазбада қала тұрғыны такси шақырудың өзі күйзеліске айналғанын жазады. Оның айтуынша, мекенжайды табу, уақытында келу, қарапайым әдеп сақтау секілді талаптар жиі орындалмайды.

«Қазір үйден шығудың өзі стресс», – дейді автор.

Мамандардың пікірінше, нарықта бәсекенің азаюы қызмет сапасына тікелей әсер етеді. Қалада такси саласында бір компанияның үстемдік етуі бағаның қымбаттауына, ал сапаның төмендеуіне алып келген. Тұтынушы таңдаусыз қалды.

Яндекс такси қызметіне бақылау күшеймейінше, бұл мәселе шешілмейді. Қарағандылықтар монополия емес, әділ бәсеке мен сапалы қызмет талап етеді.

Видео Instagram желісіндегі @angelswetas парақшасынан алынды.

Яндекс.Метрика