20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik.com

Елдің солтүстігі мен шығысында желдің күшіп, жалпы ел аумағында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. «Қазгидромет» 20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел соғады, түнде екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с жетеді, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында найзағай ойнап, тұман түседі, облыстың таулы, тау бөктері аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде таубөктерінде 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Астанада бұлтты, кейде қар, боран, көктайғақ, жел 15-20 м/с., түнде ауа температурасы -7…-9°C, күндіз -4…-6°C.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., түнде температура -4…-6°C, күндіз 0…+2°C. 

Шымкентте бұлтты, қар, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз -1…+1°C. 

Ақтауда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с., ауа температурасы түнде және күндіз +1…+3°C.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде 15-20 жел жаяу бұрқасынмен күшейеді, облыстың солтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен соғады, күндіз облыстың шығысында көктайғақ болады.

Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады.

Көкшетауда көшпелі бұлт, қар, жел 15-20 м/с., ауа температурасы түнде және күндіз -6…-8°C. 

Қонаевта көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 15-20 м/с., …-6, күндіз -1…+1°C.

Қостанайда бұлтты, қар, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с., ауа температурасы түнде және күндіз -6…-8°C.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Яндекс.Метрика