Сурет:pixabay
Ауыл арасында да әлеуметтік желіде де анда-санда әтеш жұмыртқалапты деген әңгіме шығып жатады. Бірі оны жаман ырымға балайды енді бірі табиғаттың тосын мінезі деп қабылдайды. Алайда бұл сөздердің артында нақты дәлелденген шындықтан гөрі қате түсінік пен миф басым.
Биология ғылымы бұл мәселеге анық жауап берген. Әтеш еркек жынысты құс болып саналады. Оның жұмыртқа қалыптастыратын аналық жыныс мүшелері болмайды. Жұмыртқа тек аналық тауықтың ағзасында түзіледі. Бұл даусыз ғылыми ақиқат. Сондықтан қалыпты жағдайда әтештің жұмыртқа тууы мүмкін емес.
Кей жағдайда адамдар аналық тауықты шатастырып алады. Гормоналдық өзгеріске ұшыраған кей тауықтың айдары үлкейіп мінезі өзгеріп әтешке ұқсап кетуі мүмкін. Бірақ ол биологиялық тұрғыдан бәрібір аналық болып қалады. Өте сирек кездесетін жыныстық даму ауытқулары да бар бірақ мұндай жағдайлар да әтештің жұмыртқа тууын дәлелдемейді.
Бұл әңгіменің кең таралуы көне ырым мен қауесетке сенуден шыққан. Бұрын адамдар түсінбеген құбылысты жамандықтың белгісі деп қабылдаған. Сол түсінік бүгінге дейін сақталып келеді. Қазіргі заманда да кейбіреулер фактіні тексермей эмоцияға еріп кетеді.
Әтеш жұмыртқаламайды. Бұл ғылыми тұрғыдан мүмкін емес. Мұндай әңгімелер аңыз бен қауесеттің жемісі. Сондықтан сенсацияға емес дәлелге сүйену керек.
