Елімізде доллар бағасы мың құбылып тұр

Фото: Pixabay

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 517,66 теңгені құрады. Бұл алдыңғы сауда сессиясымен салыстырғанда 3,54 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 19 желтоқсанға белгіленген ресми доллар бағамы 513,55 теңге деңгейінде.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта елдегі ірі қалалардағы айырбастау пунктерінде доллар бағамы әртүрлі қалыптасқан.
Алматыда АҚШ долларын 517,8 теңгеден сатып алып, 519,75 теңгеден сатуда.

Астанада доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 514,63 теңге, ал сату бағамы 521,63 теңгеге жеткен.
Шымкент қаласында долларды 517,12 теңгеден сатып алып, 519,28 теңгеден сатуда.

Сарапшылар валюта нарығындағы құбылмалылық сыртқы экономикалық факторлар мен ішкі сұранысқа байланысты екенін айтады.

Яндекс.Метрика