Фото: КТК
Ақтөбе қаласында 41 жастағы Айжан Аязбаева жүктілігінің 29-аптасында кенеттен қан қысымы көтеріліп, ауыр халге түсті. Оқиға 29 қараша күні болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Марқұмның жолдасы Руслан Сырлыбаевтың айтуынша, әйелінің жүктілік кезінде бұрын-соңды денсаулығына шағымы болмаған. Сол күні оның қан қысымы күрт көтеріліп, жедел жәрдем шақырылған.
«Жедел жәрдем алғаш келгенде қысымы 210 болды, екінші рет өлшегенде 185-ке түсті. Алдымен дәрі берді, кейін магнезия салды. Сол екпеден кейін жағдайы күрт нашарлап, құсты. Фельдшерлер оны зембілге салып, жедел жәрдем көлігіне алып кетті», – дейді Руслан Сырлыбаев «КТК» телеарнасына берген сұхбатында.
Оның сөзінше, жедел жәрдем көлігінде әйел ес-түссіз жатқан, ауызынан көбік шыққан. Фельдшерлер жол үстінде құрсақтағы баланың жүрек қағысын тексерген.
Айжан Аязбаева облыстық перинаталдық орталыққа жеткізіліп, шұғыл түрде кесар тілігі жасалған. Алайда келіншек 13 күн бойы комада жатып, 1 желтоқсан күні көз жұмған.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы әйелдің өлімінің нақты себебі әлі анықталмағанын мәлімдеді. Оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
