Жамбыл облысында 6 бала мінген екі көлік бір-бірімен соқтығысып қалды

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысының Жуалы ауданында, Алматы–Ташкент тасжолының 570-шақырымында екі жеңіл көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, автокөліктерде барлығы 10 адам болған, олардың алтауы — кәмелетке толмаған балалар. Оқиға туралы хабар түскен соң, Жуалы ауданының құтқару қызметі жедел түрде жол апаты болған жерге жеткен.

Құтқарушылар зардап шеккендерді көліктерден қауіпсіз шығарып, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін алғашқы және психологиялық көмек көрсеткен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, екі адам медициналық қызметкерлердің күшімен аудандық ауруханаға жеткізілген, ал қалған жарақат алғандар құтқарушылар арқылы емдеу мекемесіне тасымалданған.

Яндекс.Метрика