«Айтарға сөзім жоқ»: Тосынсый алған Мөлдір Мұқанова жылап қалды (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қыздары аналары Мөлдір Мұқанованы ерекше қуанышқа бөледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Продюсердің қыздары ақылдаса отырып, анасына Дубайдан iPhone смартфонының ең жаңа үлгісін сыйға тартқан. Күтпеген сый Мөлдір Мұқанованы қатты толқытқан.

«Айтар сөзім жоқ, қатты әсерленіп қалдым», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өнер иесі жариялаған видео желі қолданушыларының да жылы лебізін тудырды. Көпшілік пікір қалдырып, отбасыға ізгі тілектерін жаудырды. Олар қыздардың тәрбиелі әрі ақылды екенін атап өтіп, ананы қуантқан сәтке сүйсінгенін жасырмады.

Яндекс.Метрика