Қонаев қаласында төтенше жағдай жарияланады

Фото: alataunews.kz

Қонаев қаласында қатты желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары ұшып кетуіне байланысты жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай енгізу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта Қонаев қаласы аумағында қатты желден зардап шеккен тұрғын үйлерге байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялау көзделетіні көрсетілген.

«Қонаев қаласында қатты желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары зақымдануына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланады», – делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.

Аталған режим енгізілген жағдайда қалалық әкімдікке бірқатар шұғыл шараларды іске асыруға мүмкіндік беріледі. Атап айтқанда, зақымданған тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырларын жөндеу, жарамсыз күйге түскен көше жарығы тіректерін ауыстыру, сондай-ақ темірбетон бағандар мен электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жеделдетіледі.

Яндекс.Метрика